Алматы облысында ауылдастар жаппай төбелес шығарды (видео)
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған саяжайлары аймағында түсірілген жаппай төбелес видеосы тарап жатыр. Төбелес іс-шарадан кейін басталғаны айтылған. Ал жанжал шығарғандарды ажыратауға ауыл тұрғындары араласқан.
Алматы облысының полициясы бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әзірге текетірестің Междуречинск ауылында болғаны анықталды.
"Междуреченский кентіндегі жаппай төбелестің мән-жайы мен қатысушылары анықталып жатыр. Полицияға ешкім шағымданған жоқ, ауруханаға да ешкім түспеді", – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство тексеріс шараларының нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатынын нақтылады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды