Теміртауда баланы ұрлаған әйел күтуші болып екі-ақ күн жұмыс істеген
Теміртауда бала ұрлаған әйел күтуші болып бар-жоғы екі күн ғана жұмыс істеген болып шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұрланған баланың анасы Екатерина күтуші әйелдің қызын алып кеткен пәтерде хат жазып қалдырғанын айтады. Күтуші әйел хатта қызды мамырда қайтаратынын, оған жақсы қарайтынын ол үшін алаңдамауын жазған.
«Күтуші әйелді бұрыннан танимын. Екеуміз «Таңшолпан» балалар үйінде өстік. Оның тұратын жері жоқ болған соң, күтуші ретінде қабылдағам. Маған қызымды күтуге көмектессін деп ойладым», – деді Екатерина.

Ұсталған күтуші қыздың анасынан кешірім сұрады. Бірақ әйел арызын кері қайтармады.
26 наурызда Теміртау тұрғыны полицияға 22 жастағы күтушінің екі жасар қызын ұрлап кеткенін хабарлаған. Полицейлер іздеу барысында күдіктіні Астанада ұстады.
Аталған іс бойынша тергеу басталды.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"