Теміртау тұрғындары жол апатының көптігіне байланысты сиырды құрбандыққа шалды
Теміртау тұрғындары Қарағанды-Теміртау тас жолындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін сиырды құрбан етті.
Құрбандық шалу рәсімі қаладан шыққан кезде жолдың үстінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
"Бұрын ата-бабаларымыз да құрбан шалған. Біз де қарап отыра алмадық. Қазір жол апаты көбейіп кетті. Ақша жинап, сиырды құрбандыққан шалдық. Жарты етін палау пісірдік, жарты етін мұқтаждарға таратып бердік", - дейді Берденбай Шайдоллаев.
Екі қазан палау жасап, көлік жүргізушілеріне таратты. Жол апатынан қаза болғандардың рухына құран оқыды.
Алматы-Екатеринбург республикалық жолына қарасты Автобаза құрылысы үш жылдан бері жүргізушілерге қолайсыз жағдай туғызып келеді. Мұны тұрғындар ажал жолы атап кеткен. Жыл басынан бері 7 адам көз жұмып, 8 адам зардап шекті.
Апаттың негізгі себептері - қарсы бетке өту мен жол жөндеу жұмыстары.
Тағы оқыңыз: Жылқы малын неге құрбандыққа шалуға болмайды? Наиб имам түсіндірді