Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртау қаласында әйел адамды кезекке таласқан тұрғындар басып кете жаздады

Кезекке таласқан тұрғындар егде жастағы әйелді жазым қыла жаздады. Өрескел жағдай Теміртау қаласындағы №1 емхананың кіре берісінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТв арнасына сілтеп хабарлайды.  

Таңғы 8 -де есік ашылысымен тезірек ішке кіруге таласқан жұрттың бейне жазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. Кезекте тұрған ығы-жығы адам бір- бірін итеріп, құлатып, ешкімді аяр емес. Карантин талабы жайына қалған. Жазбаның авторының айтуынша, жұрт жерге құлаған әйелді де басып-жаншып өтпекші болған.  

Ал жиналғандар "Осындай жағдайдың қалыптасуы-емханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан" дейді. Бірақ емхана директоры оның себебін басқаша түсіндіреді.

"Емхана таңғы 8 ден кешкі 8- ге дейін жұмыстайды. Есіктер 7.45 те ашылады. Науқастарды қабылдау басталардан 15-20 минут бұрын келуге шақырамыз. Алайда олар бүгінгідей тым ерте келіп алады. Салдарынан қаншама адам кептелісіп қалды", - дейді Теміртау қалалық №1 емхана директоры Гүлнар Есімсейіт.

Талқылау