Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Темірқазық": Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән жарық көрді

"Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!" деп Елбасына жыр арнаған ақын Балтабек Нұрғалиев енді Қасым-Жомарт Тоқаевқа ән арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады!" - деп жазды ақын Facebook-тегі парақшасында. 

"Темірқазық" атты туындының мәтіні:
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады. 
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!


Балғынбек Имашев: Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем


Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!


Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!


Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!


Құрметпен, ән авторы Балтабек Нұрғалиев

Талқылау