Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Лилия Рах Тоқаевтан несиелерін кешіруді сұрады

“Модный приговор” бағдарламасының жүргізушісі Лилия Рах Қазақстанда қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты. Тележүргізуші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/liliyarakh

Лилия Рах қазақстандық банкпен несие рәсімдеген. Бірақ өзі мұны мойындамайды. Ол өзін біреуге қарызбын деп санамайды. Алайда банк стилистен несиені төлеуді талап етіп отыр. 

“Президент мырза! Сізге айтарым бар. 90-жылдары біздің елде сән нарығын ашып, бар өмірімді соған арнағанымды бәрі біледі. 2018 жылы мені рейдерлер тәркілеп, барлық жылжымайтын мүлкімді арзанға алып кетті. Сондай-ақ банк менің әлі қарыздан құтылмағанымды айтады. Кәсібімді жоқ қылды, дымсыз қалдым. Оған да көндім, өзімді қолға алып, алға жылжи бастадым. Осылайша денсаулығымнан да айырылдым. Бірақ мұндай жағдайда да өмір сүруді үйрендім. Пәтер жалдап, қолымнан келгенше қайтадан тұрып, жұмыс істей бастадым. Бірақ мен әлі банктегі қарызымнан құтылған жоқпын”, – дейді Лилия Рах.

Лилия Рахтың айтуынша, жақында тағы бір сот отырысы өткен. Онда да тележүргізушінің өтінішін қанағаттандырмаған. Стилист ұзақ уақыт бойы соттың әділ шешім шығаратынына сенген. Алайда әділдікке жете алмаған.

Ол сондай-ақ өз үндеуімен туған жері Қазақстанды жамандыққа қиғысы келмейтінін жеткізді. 

 

Талқылау