Қазақстанда телефон нөмірі арқылы басқа банкке қалай ақша аударуға болады?
Қазіргі таңда мобильді банкингте телефон нөмірі арқылы ақша аударымдарын жасаудың танымалдылығы арта түсуде. Бүгінде қазақстандықтар қолма-қол ақшаның орнына банктің осы қызметін жиі қолданады. Жалпы, бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Қазақстанда қай банктер телефон арқылы ақша аудару қызметі қарастырылған? Бұл туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар.
Қазақстандықтар телефон нөмірі арқылы ақша аударым қызметін күнделікті пайдаланады: жақындарының шотына ақша аударудан бастап, пәтер жалдағанда ай сайын үй иесінің банктегі есепшотына аударым жасау осы телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда жылдам төлем жүйесін қолдану өте тиімді.
Жылдам төлем жүйесі ақша қаражаттарын банк клиенттерінің шоттарына телефон нөмірі бойынша жедел аударуға мүмкіндік береді. Енді алушының картасының нөмірін және басқа деректемелерді енгізудің қажеті жоқ. Аударым жасау үшін бар болғаны телефон нөмірін білгеніңіз жеткілікті. Бұл қызметтің артықшылығы карта нөмірі арқылы аударым жасау кезінде сандарды қате енгізуден және қаражат басқа шотқа аударылудан сақтайды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін телефон нөмірі арқылы аударым жасаған ыңғайлы болмақ.
Қазір бұл - төлем аударымның ең тиімді әдісі. Мәселен, Homebank қосымшасында банк клиентінің мобильді телефон нөмірі бойынша аударымдарын жасай аласыз. Аударым Halyk Bank-тің кез келген клиентінің ұялы телефонына жіберіледі және жолданған қаражат Halyk картасына түседі.
Homebank-тің артықшылығы:
• егер сома алушыға жеткізілмеген болса, сома 24 сағаттан кейін автоматты түрде қайтарылады;
• сіз ақша аударымын Homebank веб-нұсқасының "Аударым архиві" бөліміне жібергеннен кейін 24 сағат ішінде өзіңіз басқаруға болады
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 теңге
Еске салсақ, Halyk Bank карталары арасындағы аударымдар комиссиясыз жүзеге асырылады.
Homebank-те ұялы телефон нөмір арқылы ақша аударымдарын жасау туралы толық ақпаратты осы жерден ала аласыз.
Айта кетейік, Homebank қосымшасын пайдалану арқылы сіз IPhone 12 ұтып алу мүмкіндігін иеленесіз. Ұтыс ойын әр апта сайын банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді. Ұтысқа қатысып iPhone 12 құрылғысын ұтып алу үшін бар болғаны Homebank мобильді қосымшасын жүктеп алып, мобильді нөмір арқылы төлем жасап немесе кез келген төлемдерді жүргізгеніңіз жеткілікті.