Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телебағдарламада неке түнін қалай өткізгенін айтқан": Жас жігітке тұрмысқа шыққан әжей ұлдарымен араздасып қалған

81 жастағы британдық әйел 35 жастағы египеттік сүйіктісіне тұрмысқа шыққан соң отбасымен қырық пышақ болып қалған. Әжейдің ұл-қыздар бұл қадамын қолдамай теріс айналған. Бірақ әжей ұлдарымен татуласып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

81 жастағы Ирис Джонстың ұлдары, 54 жастағы Стивен және 53 жастағы Даррен, жас күйеуі Мұхаммед Ахмед Ибрихаммен (Mohamed Ahmed Ibriham) таңертеңгі телешоуда қонақта болғаннан кейін анасымен ұрысып қалды.

Қарт әжей бағдарламада өзінің жыныстық өмірін сипаттаған. Алғашқы неке түнінде олар интимдік майлаудың бүкіл пакетін пайдаланып, келесі күні ол жүре алмай қалғанын айтқан. Бағдарламаның бұл шығарылымы хит болып, ал ұлдары анасы бізді масқаралады деп шешіп, онымен сөйлесуді мүлдем тоқтатыпты.

Алайда Джонс отбасылық араздықты тоқтата алды. Ол Ұлыбританияға 11 желтоқсанда келіп, балаларымен татуласты. Ұлдары оны қарсы алды, өйткені олар 25 желтоқсанда Ұлыбританияда атап өтілетін Рождествода анасын жалғыз қалдырғысы келмеді. Нәтижесінде олар мерекені бірге өткізді, ал Джонс медициналық маскада болды.



"Менің ұлдарым бізде шынай махаббат екенін қабылдады. Біз бір-бірімізді шын жүректен жақсы көреміз", - деді британдық әйел жас күйеуі туралы. Ол Рождествода жұбайымен сөйлеспегенін айтты, өйткені оның сенімі басқа. Джонс исламды қабылдағанына қарамастан, бұл мерекені тойлаудан бас тарта алмаған.

Британдық әйел Каирде үш ай бірге тұрған күйеуін қатты сағынатынын айтады. Ол Ұлыбританияға оралуға мәжбүр болды, өйткені ол ыстыққа шыдамады. Ибрихамға әлі виза берілмейді, сондықтан олар қайта қосыла алмайды. Джонс ғашығын көрмеген әр күн азап екенін айтады. 

Талқылау