Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KAZ Minerals Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына 25 млн теңге аударды

әскерилер

KAZ Minerals Тобы Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерді отбасыларына қолдау көрсету үшін 25 миллион теңге аударды.

Қаражат қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына қайырымдылық көмек жинау операторы ретінде белгіленген "Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігі арқылы аударылды.

"Қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Осындай қиын сәтте орны толмас қазаға ұшыраған отбасыларға қолдау көрсету аса маңызды", – деді KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Андрей Третьяков.

Қаржылай көмек қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталып, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды толықтырады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 10:49