Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tele2/Altel катарлықтарға 1 миллиард долларға сатылатын болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев "осы ұялы байланыс операторының жоспарлары мен міндеттемелеріне сәйкес" сатып алушының базалық инфрақұрылымға инвестиция салатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Catalog-skidki.ru

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, Tele2 5G базалық станцияларын салуға міндеттеме алады. 

“Катарлық жаңа инвестордың келуі өте маңызды оқиға. Өйткені ол жаңа инвестициялардың ағынын, жаңа атауды тарту арқылы инвесторлық базаның кеңеюін және жаңа ұялы байланыс операторының нарықтағы бәсекелестігіні арттырады. Транзакция сомасы шамамен 1 миллиард доллар. Базалық инфрақұрылымға да инвестиция салу жоспарда бар. Базалық станцияларды салу және 5G базалық станцияларын орнату міндеттері бар. Бұл бәсекелестіктің күшеюіне, ал бәсекелестік, сапаның артуына әкеледі", – деді министр.

Министр катарлықтардың келуі интернет сапасының жақсаруына және тарифтердің төмендеуіне кепілдік бере ме деген сұраққа да жауап берді.

“Менің ойымша, жаңа инвестордың мұндай ойы жоқ. Бұл Қазақстан арқылы біздің өңірге шығудың ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі. Қазақстан аймақтағы басты технологиялық хаб. Сондықтан Қазақстан арқылы аймаққа жаңа инвестордың келуі оң белгі деп санаймын", – деді министр.



Қазақстанда Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейтін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің сатып алушысы "Qatar Power International Holding".

"Самұрық-Қазына" қоры мен оның еншілес ұйымы "Қазақтелеком" аталған холдингпен 2024 жылдың ақпан айында ортақ келісімге келді. Катарда Тоқаев пен Катар әмірі телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін осы жылдың мамыр айында "Қазақтелеком" акционерлерінің жиналысында Tele2 мен Altel-ді сату туралы шешім қабылданған еді. "Қазақтелеком" 100 пайыздық үлесті сатуға келіскен еді.

Талқылау