"Қазақтелеком" акционерлерінің жиналысында Tele2 мен Altel-ді сату туралы шешім қабылданды
"Қазақтелеком" АҚ акционерлері "Mobile Telecom-Service" ЖШС сату туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: digitalbusiness
"Қазақтелеком" 100 пайыздық үлесті сатуға келісті.
“Қазақтелеком" компанияға тиесілі қатысу үлесін Power International Holding (PIH) немесе PIH 100% иелігіндегі PIH еншілес ұйымының пайдасына сату арқылы "Мобайл Телеком-Сервис" мүшелігінен шығады”, – делінген хабарламада.
2023 жылдың қарашасында Цифрлық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин 2024 жылы "Қазақтелеком" құрылымынан бір ұялы байланыс операторы шығатынын хабарлады.
"Қазақтелеком" қазір Kcell ұялы байланыс операторының 51% акциясына, сондай-ақ "Mobile Telecom-Service" ЖШС (Tele2/Altel) 100% акциясына ие.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”