Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tele2/Altel ұялы байланыс операторында жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Александр Бабичев "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel ұялы байланыс операторы) басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол Сергей Назаренконың орнына келді.  

Фото: Tele2/Altel

"Tele2 менің өмірімде және кәсіби мансабымда ерекше орын алады. Дәл осы жерде мен өнім менеджерінен коммерциялық директорға дейін көтерілдім, компаниямен бірге қиындықтарды жеңдім, табысқа жеттім және мақсаттарымызды жүзеге асырдым. Бүгінде Tele2/Altel-ді басқару мен үшін үлкен мәртебе. Бұл акционерлер, клиенттер және команда алдындағы жоғары жауапкершілік қана емес, әрі қарай дамуға үлес қосу мүмкіндігі. Мен керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынын дәлелдеген мықты және кәсіби командамен істейтінімді мақтан тұтамын. Power International Holding-пен серіктестігіміз компанияның нарықтағы позициясының өсуі мен нығаюының ең маңызды драйверіне айналатынына, сонымен қатар жаңа жетістіктердің негізін қалайтынына сенемін. Біз бірге жаңа белестерді бағындыра аламыз", - деді Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев.

Александр Бабичев. Фото: Tele2/Altel

Александр Бабичев әлемдегі жетекші бизнес мектептерінің бірі INSEAD-те оқып, стратегиялық менеджментке баса назар аударып, Global Executive MBA дәрежесіне ие болған. 

Оның телекоммуникация саласында 20 жылдан астам және түрлі нарықта Tele2/Altel бизнесін дамыту бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде ол клиент базасын, бейілді клиент санын арттырып, жетістікке жетіп, өзін кәсіби маман ретінде көрсетіп үлгерді.  
Кейінгі бес жылда Александр Tele2/Altel-дің коммерциялық бағытын басқарды, оған қоса "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының басқару мүшесі болды. 

Михаил Герчук, Power International Holding телекоммуникациялар тобының бас директоры тағайындауға қатысты пікірін білдірді. 

"Tele2/Altel телекоммуникация саласының ұзақ мерзімді өсуі мен дамуына бағытталған сенімді акционерге ие болып, ірі Power International Holding тобының бір бөлігі атанды. Александр Бабичевтің басшылығымен Tele2/Altel тұрақты түрде өсіп қана қоймай, нарықтағы өз позициясын нығайтатынына және Power International холдингінің инвестициялық әлеуеті, технологиясы мен тәжірибесі аймақтағы телекоммуникациялар тобын дамытудың ауқымды жоспарларын жүзеге асыру үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін", – дейді Михаил Герчук.

Михаил Герчук. Фото: Tele2/Altel

Power International Holding (PIH) – әртарапты портфолиосымен және 14 негізгі сектордағы стратегиялық үлесімен танымал жаһандық компания. Оның бас кеңесі Катарда орналасқан. Компания энергетика, концессия және құрылыс, денсаулық сақтау және кәсіби қызметтер, жылжымайтын мүлік, телекоммуникациялар, медиа және технологиялар, ауыл шаруашылығы және тамақ өңдеу сияқты салаларда істейді. PIH бүкіл әлем бойынша инновацияларды алға жылжытуға және тұрақты құндылықты жеткізуге ұмтылады. Компания 19 елде 1250-ден астам жобаны сәтті іске асырып, индустрияларды қалыптастырып, жаһандық дамуға үлес қосты. Холдингте 91 елден 65 000-нан астам маман істейді.

Еске салайық, өткен аптада Power International Holding Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейтін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС акцияларының 100%-ын сатып алған болатын.

Жарнама құқығында

Талқылау