Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді
Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен Айдана Сәкібелованың анасы біздің арнамыз арқылы қызына үндеу жіберді. Етегі жасқа толған ана кәмелетке толмаған қызын құзырлы органдар ұстап, өзіне қайтармай отыр дейді. Ал аталған оқиғаға қатысты Алматы облысының құзырлы органдары ресми жауап беруден бас тартып отыр.
8 сыныпта оқитын Айдана үйден 19 қаңтар күні шығып кеткен. Оны полиция сол күні түнде Алматы мешіттерінің бірінде қайыр тілеп жүрген жерінен тауып, кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған оңалту орталығына апарған. Кейін қызды ол жерден Талғар ауданының кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі комиссиясы алып кеткен. Айдана полицияға үйде өгей әкем қорлық көрсетеді деп шағымданғанға ұқсайды. Алайда мемлекеттік органдардың өздері істің ақ-қарасын айтудан қашқақтап отыр, деп хабарлайды 31 арна.
Ал Айдананың анасы Гаухар Сәкібелова «қызымды жоғалған күні дүкенге жұсмап жібергенмін. Қызым оралмаған соң Талғар аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздым» деп отыр. Гаухардың сөзінше Айдана жоғалғанға дейін өзі оқитын мектепте қысым көрген. Сөзіне дәлел ретінде Гаухар редакцияға қызымен болған әңгімені де жолдады.
— Қызым сені ешкім ренжітпейді мен тұрғанда. Тек қана шыныңды айт. Сені қорғайтын үкімет бар. Елбасымыз бар, қызым анаңа қайтып келуге тырыс. Сені қатты сағындық.
Ал Гаухардың заңды өкілі Камшат Шинтекова, құзырлы органдар қыздың мектепте көрген зорлық-зомбылығын жасыру үшін ананың өзін айыптауы мүмкін деген ойда.
“Гаухар өз қоғамға видеожолдауында қызын ең соңғы рез мектепте таяқ жеген болатын деген уәж айтқан болатын. Сол қылмысты жауып қалу мақсатында әрі қарай аналық құқықығын пайдаланып, баланың құқығын қорғау мақсатында істейтін іс әрекетке тосқауыл деп есептеймін”, – дейді «Кеш» құқық қорғау орталығының директоры Кәамшат Шинтекова.
Ал Талғар ауданының прокуратурасы біздің Айданамен жүздесуімізге рұқсат бергенімен, камераға түсіруге үзілді-кесілді тыйым салды. Айдана бізге ата-анасының қайыр тілеуге жіберетінін, сондықтан туған шаңырағына оралғысы келмейтінін айтты. Ал полиция Айдананың әкесінің үстінен кәмелеттік жасқа толмаған балаға азғындық әркет жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған, анасы Гаухар Сәкібелова да енді аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бірақ, үш баланың анасы «қызымызды қорлаған жоқпыз деп, аналық құқығынан айырмауды» сұрап, бұл мәселеге қоғамның араласуын сұрап отыр.
Оқи отырыңыз:
БҚО-да өрт сөндіруші тауып алған ақша толы әмиянды иесіне қайтарды
Павлодарда қайтыс болған кадет оқушысының туыстары баланы біреулердің қорқытқанын айтты