Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да өрт сөндіруші тауып алған ақша толы әмиянды иесіне қайтарды

Тасқала ауылында Аманбай Нәжмиддинов тауып алған ақша толы әмиян  иесіне қайтарылды. Зат иесі өрт сөндірушінің игі әрекетін айтып бастығына алғыс хат жіберген.

Бұл туралы «Мой Город» хабарлады.

Оқиға 2017 жылдың 16 желтоқсанында болған. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлаған. Олар қызметкерлерінің бірі туыстарына қонаққа барғанда мешіттің жанынан әмиян тауып алғаны туралы айтқан.

«Жүріп келе жатып, әмиян тауып алдым. Мен оны алдым да, оннан заттың иесінің байланыс нөмірлерін іздедім. Онда ірі көлемдегі ақша, жеке куәлік, төлқұжаат және басқа да заттар болды. Әмиянды қалтама салып алдым да туыстарымның үйіне барып, соларға айттым. Сосын тағы іздеп иесінің телефон нөмірін тауып алып, оған хабарластым. Келесі күні келіп, алғысын жаудырып алып кетті», – дейді Аманбай Нәжмиддинов.

Кейін, әмиян Тасқала ауданының тұрғыны Ілияс Сариевке тиесілі екенін анықталды.

Аманбайдың айтуынша, әмиян ішінде ірі көлемдегі ақша ғана емес, тағы бірнеше адамның жалақысы болған.

Айта кету керек, Ілияс Сариевтің әйелі БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевқа Аманбайдың осы оқиғадағы әрекетін айтып алғыс хат жазып жіберген.

Өрт  сөндіруші Аманбай Нәжмиддиновтің айтуынша, өзгенің мүлкі бақыт әкелмейді.

Тағы оқыңыз:

Павлодарда қайтыс болған кадет оқушысының туыстары баланы біреулердің қорқытқанын айтты

ОҚО тұрғындары автокөлік сатып алудан көш бастап тұр

Тұрғын: Маған 2 миллиард беріңіз, Арқалықты Дубайға айналдырамын 

Қаржы министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында криптовалюта өндірді деп күдіктелуде 

Талқылау