Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл соңғы күн тұтылуы 14 қазанда болады

Биыл жылдың соңғы күн тұтылуы 14 қазанда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Rambler сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, бұл жолы көпшілік "от сақинасы" деп аталатын сақиналы күн тұтылуын тамашалай алады. Бұл Айдың Күнді толығымен жауып қалмай, жан-жағына жарық қалдыруымен байланысты қойылған атау.

Тұтылу дәлізі 14 қыркүйекте басталды. Астрологтардың айтуынша, бұл кезеңде көптеген адамдардың еңбегі жемісті болады. Бір жыл бойы игі істер жасап, тынбай еңбек етсеңіз, оның бәрі екі есе қайтарылады. Егер сіз сезімтал адам болсаңыз, бұл күнді жалғыз өткізгеніңіз абзал. Себебі агрессивті фон жоғарылап, соңы жанжалға әкелуі мүмкін. 

Күннің тұтылуы жаңа нәрсені бастауға және ескіні ұмытып, өткенде қалдыруға көмектеседі. Сондықтан өміріңізде бір нәрсені түбегейлі өзгертуді жоспарласаңыз, күннің тұтылу сәтіне алдын-ала дайындалыңыз. Мысалы, тілек картасын жасаңыз немесе барлық жоспарларыңызды қағазға жазып, оларды өртеңіз. Бұл әрекет өміріңіздегі өзгерістерді сәтті жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар сирек кездесетін құбылысты тамашалай алмайды. Себебі сақиналы күн тұтылу тек АҚШ пен Латын Америкасында болады. Ол Солтүстік Американың батыс жағалауынан басталып, Оңтүстік Америка жағалауында Атлант мұхитында аяқталады.

Талқылау