Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Техникалық құралға ақшамыз жетпейді": Мемлекеттік тілді «аяқ асты еткен» алматылық супермаркетке қатысты сот ісі басталды

Мемлекеттік тілді аяқасты етті деген азаматтың шағымы бойынша Алматыдағы «Арзан» супермаркетіне қатысты сот басталды. Тауар атаулары мен сипаттамасы тек орысша жазылғанына ренжіген Қуат Ахметов сауда орнын сотқа берген. Өткен жылдың қазан айында өтуі тиіс отырыс ұзақ талданып Алматының Алатау ауданында қаралып жатыр. «Арзан» қожайындары бірде қазақ тілінде жазатын техникалық мүмкіндік жоқ десе, енді бірде латын графикасының бекітілуін күтіп отырмыз дегенді айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Арзан

Қуат Ахметовтің тіл туралы заң бұзылды деген шағымы ресми органдарға 2019 жылдың қыркүйек айында түскен. Ұзақ тексеруден кейін сот талқысы енді басталды. Шағымданушы азамат кемшілікті жоюға үш ай уақыт берілген дейді. Алайда сауда орталығы тауар атаулары мен бағаларын қазақ тілінде жазуға еш ұмтылмады деп ренжиді. Тіпті салыстыру мақсатында өзге бірнеше супермаркеттерге барып жағдайды көріп қайтқан. 

"Олардың барлығында үстінде мемлекеттік тіл - қазақ тілінде, астында орыс тілінде жазылған. Тек "Арзан" супермаркеті ғана орысша жазған. Ешқандай өзгеріс жоқ. Айтқан мәселені мойындағылары келмейді. Заңбұзушылықты тоқтататын түрлерін жоқ", - дейді шағымданушы Қуат Ахметов.

Сотқа қатысқан жауапкер тарап тауарлардың сипатын мемлекеттік тілде жазуға техникалық мүмкіндігіміз жоқ дейді. Арнайы жазу бағдарламасын сатып алуға ақшамыз аз деп те алға тартты олар. Бірақ үш айда еш өзгеріс болмады дегенге келіспейді. Біраз жазбаны қолмен теріп қазақшалапты-мыс. 

"Тауар бағасын басып шығару үшін Ресейден сатып алған Tradehouse деген бағдарламаны қолданамыз. Онда қазақ тілінде жазу мүмкін емес. Біз 2007 жылы ашылғанда басқа бағдарлама болмады. Ал латын графикасымен жазайық десек, заң әлі бекітілмеген", - "Арзан" супермаркетінің заңгері Анжела Әбдіжәлел. 

Бұл жауап сотқа қатысып жүрген қоғам белсенділерінің ашуына тиді. Сотқа тартылған супермаркет қаржылық қиындықтарын айтып, мемлекеттік салықтан босатылған екен. Тауар атауын қолмен жазуға уақытымыз жоқ, бағдарламаны сатып алуға ақшамыз жоқ дейді "Арзан" супермаркетінің өкілдері. Осындай мүшкіл халін жеткізген сауда орны 12 жыл бойы  тауар аттары мен сипатын мемлекеттік тілде жазу керек деген бірде-бір шағым болмады дейді. Ал "Арзан" сотына қатысып жүрген саясаттанушы Дос Көшім тіл үшін күрес енді қарқын алады деп пікір білдірді. 

"Егер билік тарапынан бұл мәселені жылдам және заңды түрде шешетін мүмкіндік болмаса, азаматтар осылай соттасуға көшеді деген сөз. Бұл бүкіл халықтық акцияға айналу керек. Кез келген жердегі тіл заңының бұзылуы, әйтпесе тұтынушыларды қорғау заңының бұзылуын сотқа беріп үйренуіміз керек. Кез келген уақытта жеңіп шығуға мүмкіндігіміз бар", - деді саясаттанушы Дос Көшім.

"Арзан" супермаркетінен бір миллион теңгелік моральдық  шығын сұраған Қуат Ахметов "Бір мемлекет - бір тіл" деген ұйым құрамын, ақшаны соған жұмсаймын дейді. Ал ешкімнің құқығына қол салмадық деп, судьядан ешқандай әкімшілік жазаға кеспеуді сұраған сауда орталығының өкілдері заң талаптарын бұзғанын мойындайды. Қос тараптың сөзін тыңдаған судья келесі сот отырысын 5-ақпанға белігеледі. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады - ДСМ

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты
Çàãðóçêà...