Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегерандағы ұшақ апаты: АҚШ пен Канада болған жайтқа Иранды кінәлі деп айыптады

АҚШ пен Канаданың көшбасшылары Тегерандағы ұшақ апатына себеп болған жағдай зымыранның тиюі екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Крушение самолета в Иране

АҚШ президенті Дональд Трамп өздерінің Ирактағы әскери базасына Иранның шабуылдауын алдын ала білген көрінеді. Бұл жағдайды ол америкалықтардың Space Based Infrared System (SBIRS) жерсерікті инфрақызыл бақылаушы жүйелерінің болуы деп түсіндірді. АҚШ басшысының айтуынша, олар сонымен қатар ирандықтардың зымырандық шабуылын белгілі бір ақпарат көздері арқылы болжап білген. 

Америкалық басылымның хабарлауынша, SBIRS жүйесі америкалықтар үшін таптырмас құрал көрінеді. Ол арқылы АҚШ әскерилері әуеде және жерде орын алып жатқан барлық сәулелерді бақылауға алып, бұл инфрақызыл жарықтар туралы ақпарат жинай алады екен. Соған сәйкес АҚШ Ирандықтардың Boeing ұшағын зымыранмен атып түскеніне куә болса керек.

Өз кезегінде Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо апатқа байланысты алаңдаушылық білдіріп, ирандықтар аталған ұшақты абайсыздан атып жіберуі мүмкін деді. 

"Барық дәйектер ұшақтың ирандық "жер-әуе" зымыранымен атып түсірілгенін аңғартады", - деп мәлімдеді Трюдо. 

Естеріңізге салайық, украиндық ұшақ Тегеранның әуежайының маңында апатқа ұшырағаны айтылған еді. АҚШ пен Иран арасындағы кикілжің аясында орын алған бұл оқиға әлем жұртын дүр сілкіндірді. Өкінішке ұшақта болған жолаушылар да, экипаж мүшелері де аман қалмапты. Кейіннен украиналық сарапшылар апатқа себеп болуы мүмкін бірнеше жағдайды қарастыруды ұсынды. 

 

 

Талқылау