Тәжікстанда енді көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады
Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге ғана емес, олардың клиенттеріне де заңды шара қолданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Avesta.tj порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінгені анықталды.
"Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азамат ішкі істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері ішкі істер министрлігінің мұрағатына енгізіледі", – деп хабарлады министрлік.
Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз.
Бұған дейін Тәжікстанда балгерлер, көріпкелдер мен емшілер мәжбүрлі жұмыстарға жіберілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді