Тәжікстанда қар көшкінінен 17 адам көз жұмды
Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, 17 адам қаза тапты. Қазір жоғалған 2 студент іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай қызметі өкілдерінің мәліметінше, апат салдарынан Хорог қаласында 4 тұрғын үй жермен-жексен болып, 35 шақтысы қирап, 5 ауылшарушылық нысаны зардап шекті.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында кеше қар көшкіні жүріп, Хорог және Ванч қалаларында ғимараттар бұзылып қалған. Душанбеге баратын күрежол да жабылған.
Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға сақ болуға шақырды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады