Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эмомали Рахмонды елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
“Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Тәжікстан президентімен бірге Қазақстанға Тәжікстанның Сыртқы істер министрі, президенттің шетелдегі байланыстар және кадр мәселелері жөніндегі көмекшілері, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлері, Соғды облысының төрағасы және басқа да ресми тұлғалар келеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі