Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттері желіде қызу талқыға түсті (фото)

Желіде танымал актер Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен түскен суреті жұрттың қызу талқысына түсті. Олар қызды актердің сүйіктісі деп топшылады, деп жазады Stan.kz.

Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттері желіде қызу талқыға түсті (фото)

Бұған дейін Тәуекел Мүслім өзінен 11 жас кіші қызды ұнатып қалғанын айтқан еді. актердің айтуынша, қыз өнер адамдарының қатарынан емес көрінеді. Алайда сүйгенінің нақты кім екенін ашып айтпады.

Өз кезегінде бұл желіде Тәуекелдің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттерінің жұрттың қызу талқысына түсуіне себеп болды. Көпшілік актердің жанындағы қызды сүйіктісі деп болжады.

Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттері желіде қызу талқыға түсті (фото)

Алайда еліміздегі ең тартымды серілердің бірін қыздар қауымы қызғанып қалды ма, олар актердің жанындағы аруды мүлдем ұнатпады. Көбі екеуінің жараспайтынын айтып жатты.

Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттері желіде қызу талқыға түсті (фото)

«Екеуі жараспайды», «Гүлназ екеуі жақсы жарасады. Қасындағы қыз екеуі жұп емес», «Бұл қыздан гөрі, Жанар Дұғаловмен жақсы жұп болып көрінген еді», «Бір-біріне сай емес», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, Тәуекелді жақтап, «сүйгенін таңдауға әркімнің өз құқығы бар екенін» айтқандар да болды.

Десе де суреттегі арудың Тәуекелдің сүйіктісі ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау