Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслім бірнеше ел қосылып түсіретін фильмде басты рөлді сомдайды

Актерлік шеберлік саласында оқып алған дипломы болмаса да, Тәуекел Мүслім көптеген жобаға атсалысып жүр. Соңғы «Барлығы жігіттер үшін», «Анамды іздеймін» атты қос туынды оның танымалдылығын еселей түсті. Осының арқасында актер бірнеше ел бірігіп түсіретін фильмде басты рөлді сомдамақ. Туынды «Көкпар» деп аталады екен.

18380300_1955093851390659_1010140277538553856_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

«Қазақстандық көрермендерге комедия жанры ұнайды. Актер болған соң, ұсынысты қабылдамасқа амал жоқ. Шыны керек, келесі рөлді дәл маған арнап жазған секілді. Өзін ерекше жақсы көретін ұшқышты сомдаймын. Өмірде мүлдем басқа адам болғандықтан, қызық болып тұр. Қызық рөл шығатын ына сенімдімін. Сюжеті бойынша, басты рөлдегі қызға ессіз ғашық боламын. Осы қыз екеуіміздің арамызда кикілжіңнен бастап неше түрлі оқиға болады. Гонорар мәселесін айтуға болмайды. Ол құпия болып сақталуы тиіс», – дейді Тәуекел мырза.

Осы жобадан кейін Тәуекел тәуекел етіп, бірнеше ел қосылып түсіретін кинода басты рөлді сомдайды.  Әзірге актер түсірілім жұмыстарының қашан басталатынын білмейді.

«Анамды іздеймін» тобы жаңа кино бастамақшы. Фильм «Көкпар» деп аталады. Бізге жақын екенін сезіп тұрған шығарсыздар?! Сол ұжыммен бірлесіп, киноға түсуім мүмкін. Өзге ел туған жеріңдей болмайды. Бірақ, тәжірибемді толықтыру үшін біраз уақытқа қалуға дайынмын», – дейді актер.


Жіберіп алмаңыз:

Артур Төлеповке достары тегін бейнебаян түсіріп берді

Қайрат Нұртасқа еліктеген Жігер Ауыпбаев әкесінен жұлдыз жасамақ

Қыдырәлі Болманов Астана әкімінен мадақ сөз естігенін айтып мақтанды

Артур Төлепов: Ешкім Димаштың қанын сорып, қытайдың қанын құйып қоя алмайды

Талқылау