Артур Төлепов: Ешкім Димаштың қанын сорып, қытайдың қанын құйып қоя алмайды
Күні кеше жұрт «Димаш Қытайда қалып қояды» деп шуласты. Әншінің өзі де аталған елдегі тыңдармандарын қатты сағынып жүргенін айтып өтті. Жоғарыдағы пікірді ұстанған халыққа Артур Төлепов жауап қайырды. Ол әріптесінің қандай жағдай болмасын, жүрегі мен жаны қазақ болып қалатынын сөз етті.

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
Жуырда Димаштың жаңа үнтаспасы шығады. Ұзын құлаққа сенсек, аталған үнтаспада қытай әндері көп болмақ. Осыны естіген жұрт «Димаш Қытайдың атынан шығып жүр» деп шулауда. Ал әріптесі Артур Төлепов қандай жағдай болмасын, Димаштың жүрегі қазақ деп соғатынын айтып өтті.
«Кей адам «Димаш Қытайда қалып қойды деп ойлап жүр. Солардың атынан шығып өнер көрсетіп жүр» деп те сөгіп жатыр. Мұнымен Димаш Қытай болып кеткен жоқ. Димаштың жаны мен түрі қазақ. Қазақтың қанын сорып алып, Қытайдың қанын құйып қоя алмайсың», – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
KeshYou әншісі түсірілім кезінде көлікті қатты айдап, оның иесінің зәресін ұшырды
Парвиз Назаров тойда ән салғаны үшін 5 мың АҚШ долларын сұрайды
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар