"Тасқынбай" деп атаймыз": Атырау облысында су тасқыны кезінде тұңғышын дүниеге әкелген келіншек оқиғасын бөлісті
Атырау облысында жас ана Жұлдыз Жандосқызы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайда тұғышын дүниеге әкелген сәтін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pexels
Атырау жедел штабының мәліметінше, жас ана босанғаннан кейін бірден Құлсарадан эвакуацияланған. Қазіргі таңда сәби анасымен бірге үйінде. Ал су тасқыны кезінде жас отбасының үйі зардап шекпеген.
“Толғақпен мен Жылыой аудандық ауруханасына сағат 00.00-де түстім. Ұлымды 5-6 сәуірге қараған түні дүниеге әкелдім. Балам үшін аздап қорқынышты болды. Бірақ дәрігерлер “бәрі жақсы болады” деп сендірді. Мені және тағы бір босанған әйелді бірнеше сағаттан кейін Бейнеу қаласына ауыстырды”, - деді Жұлдыз Жандосқызы.
Бұл жас ананың тұңғышы. Атасы мен әжесі оған Бекзат деп ат қойған. Бірақ туыстары оны су тасқыны кезінде дүниеге келгендіктен "Тасқынбай" деп атайды екен.
“Жылыой аудандық ауруханасының дәрігерлеріне әрдайым қасымда болып, ұлым екеумізге жақсы күтім көрсетіп, Бейнеу қаласына эвакуациялау кезінде еріп жүргені үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бейнеу дәрігерлеріне, шығарылғанға дейін көмек пен қолдау көрсеткені үшін көп рахмет”, - деді жас ана.
Деректерге сай, су тасқыны кезінде Атырау облысында Құлсары қаласынан перзентханадан 12 әйел эвакуацияланған. Оның ішінде 8 перзентхана мен 5 жүкті әйел толық мерзімде медициналық ұйымдарға эвакуацияланған.