Өзбекстанда төрт ер адам әйелді ұрып-соғып, балаларының көзінше зорлады деп айыпталды
Ташкент полициясы әйелді қатыгездікпен зорлады деген күдікпен төрт ер адамды ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай туралы Ташкент қаласы полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұсталғандар 25-27 жас аралығында.
"Бұл оқиға 2022 жылдың 28 желтоқсанында Ташкент облысы Бостанлык ауданында болған. Аталған деректен кейін "Азғындық әрекет" пен "Күш көрсету арқылы жыныстық құмарын қанағаттандыру" бойынша іс қозғалды. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау шарасы тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.
Анықталғандай 39 жастағы әйелге ер адамдар шабуыл жасап, үйіне баса-көктеп кірген. Кейін жәбірленушіні ұрып-соғып, балаларының көзінше зорлапты. Аталмыш дерек туралы жергілікті құқық қорғаушы айтып берді. Сонымен қатар жәбірленушінің ауруханаға түскенін мәлімдеді. Қазір әйелдің жағдайы ауыр.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”