Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте мұғалім орыс тілі сабағын өзбекше өтпеуді сұраған оқушыны ұрып тастады: Ресей жағдайды бақылауға алуды талап етті

Әлеуметтік желіде 23 қыркүйекте Өзбекстанның Ташкент қаласындағы №188 мектепте 6-сынып оқушысы мұғалімге орыс тілі сабағын өзбек тілінде жүргізгені үшін ескерту жасаған екен. Ал мұғалім оқушының мойнынан ұстап, оны тақтаға қарай итеріп, бірнеше рет бетінен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Медуза" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Өзбекстандық "Взгляд" басылымының хабарлауынша, оқушы мұғалімге орыс тілі сабағын өзбек тілінде жүргізгені үшін ескерту жасаған көрінеді. 

Ташкенттің мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасы 6-сынып оқушысының ата-аналары құқық қорғау органдарына жүгінгенін мәлімдеді. Жәбірленушінің анасының айтуынша, мұғалім онымен сөйлескенде "Өзбекстан – бұл өзбектерге арналған ел" деп пікір білдірген. Кей дереккөздерде мұғалім жұмыстан кеткені айтылған.

Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова бұл мәселе ведомствоның "мұқият бақылауында" екенін мәлімдеді. Ресей мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынаста "ешқандай тілге қатысты дұшпандыққа жол жоқ және болмауға тиіс" деп атап өтті.

"Видео мазмұны бізде үлкен алаңдаушылық пен балаға деген жанашырлық сезімін тудырмай қоймайды. Біз өзбек тарапынан ресми түсініктеме сұрадық. Екі мемлекеттің достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасында, әсіресе тілдік мәселеде ешқандай дұшпандыққа орын болмауы мүмкін емес. Тілдің ғасырлар бойы мәдени-білім беру, ғылыми және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзара байытудағы жағымды әсерін еске салатын дәйекті шаралар қабылдануға тиіс. Өзбек тарапына БАҚ-тағы материалға құқықтық баға беру және егер негізделген жағдайда балаға қатыгездік жасаған кінәліге шара қолдану жөнінде талап қойылды. Бұл мәселе біздің ең қатаң бақылауымызда болады", – деді Мария Захарова.



Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуінде тіл мәселесіне қатысты өз ұстанымын айтқаны туралы жазған едік. Президенттің пікірінше, орыс тілі конституцияға сәйкес мемлекеттік тілмен тең қолданылады және ресми тілдің қызметін атқарады.

Талқылау