Тәрбиешінің кесірінен орындықтан құлап кетті: Қостанай балабақшаларының бірінде 3 жасар бала сүйегін сындырып алған
Қостанайда №61 балабақшаның тәрбиешісі отырған үш жасар баланың орындығын тартып қалып, нәтижесінде құлаған бүлдіршіннің сүйегі сынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ТоболИнфо" порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан баланың еденге құлап, жылағанын көруге болады. Бірақ жедел жәрдем шақырудың орнына, тәрбиеші оны тыныштандыруға тырысқан.
Қазіргі уақытта зардап шегуші емделуде, ал тәрбиеші демалысқа кеткен. Балалар мекемесінің басшылығы бұл әрекетке айтарлықтай жауап бермейтіндерін айтты.
"Біздің бұл тәрбиеші жақсы. Басқа ештеңе айта алмаймыз", – деп түсіндірді балабақша директорының орынбасары Ботагөз Омар.
Баланың ата-анасының айтуынша олар полицияға арыз жазған. Алайда бұл әрекеттен 141-бап “балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыс құрамы байқалмайтыны айтылған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды