AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетінен тыртықтар байқадым": Алматы балабақшасындағы оқиғадан кейін ата-аналар күдіктерін айтты

Алматыда балаларға қол көтерген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісіне қатысты ата-аналар айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Гүлхан Оспанова

Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі сұмдықты бейнебақылау камерасынан көріп, жағасын ұстаған. 

Олар кішкентай баласына қол көтеріп, қорқытып-үркітіп қойған қатыгез тәрбиеші тиісті жазасын алып, "Сәби-бала" бөбекжайы жабылсын деген талап қойды. Бұл мекемедегі сорақылық қалай болған? Балаларға зіркілдеп, "ақымақ" деп айғайлап жатқан тәрбиешінің бұл видеосы алдымен WhatsApp желісіне таралған. 

Балабақша қызметкерінің осы қылығынан кейін ата-аналар бейнебақылау камерасынан сорақылықтың көкесін көрген. 

Кадрдан тәрбиеші кішкентай қыздардың құлағынан тартып, шашынан сүйрегенін көруге болады. Мұнымен қоймай, педагог оқтаумен тыныш отырған кішкентай бүлдіршіндерді кезек-кезек түрткілеп, қолындағы тәрелкемен бірінің басынан төпелеп жатыр. Осы видеодан кейін балабақшаға алып-ұшып жеткен ата-аналар "балаларымыз долы әйелден қаншама ай бойы таяқ жеп келген" деп жыларман болды.

"Видеоны көріп жыладым. Немеремнен сұрасам, "балабақша бармасам, айтып берейін" деді. Расымен де, тәрелкемен, оқтаумен, белдікпен ұрады екен. Көзін сәл қимылдатса, шашынан жұлып алады екен. Не деген сұмдық!  Түрмеде істеу керек қой мына әйел. Ұлым мен келініме айтып келдім. Бала шошып оянады. Мына балабақшада бір нәрсе дұрыс емес деп", – дейді Гүлхан Оспанова.

"Ұратынын сен неге айтпайсың?" десем, "апай айтпа деп айтты" дейді. "Ұрамын" деп айтыпты. Үйге жіберетін кезде балаларды "әкеңе айтсаң, шешеңе айтсаң, тағы ұрамын" деп қорқытады екен. "Өлтіремін" деп. Ұзын шпилька сияқтысы бар. Сонымен "көзіңді оямын, жоямын" деп неше түрлі айтады екен. Күшті тамақ ішіп отырған фотолар бар. Балалардың  тамақ ішіп отырғаны. Ал шын мәнінде бала тамақ ішпей, аш жүреді", – дейді Аруна Серікова.

Ал қатыгез тәрбиеші әбден шошынған балаларды ұрып-соғып қана қоймай, оларға күн сайын қымбат шоколад әкелуді бұйыратын көрінеді. 

"Менің қызым күнде дүкенге кіреді. "Апайыма шоколад ал" деп күнде алдыртады. Бәріміздің балаларымыз солай. "Рафаэлло", "Мерси" сынды қымбат шоколадтарды сұратады. Лицензиясынан айырып, мына балабақшаны жауып тастасын. Тәрбиешіге қатаң шара қолдансын", - дейді Әсем Мекеева.

Ашушаң келіншек Көкжиек ықшамауданындағы "Сәби-бала" жекеменшік балабақшасында екі жылдан бері жұмыс істейді екен. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі қатаң тәртібімен көпшіліктің ызасын туғызған педагогтың бұрын-соңды ерсі қылығын байқамадым деп отыр. Керісінше, басшы қарамағындағы қызметкердің 14 жылдық өтілі бар деп оған шаң жуытпай, мақтауын асырды.  

"Екінші дәрежелі педагог. Екі жыл жұмыс істеді. Ешқандай ата-анадан шағым болған емес. Бұл бірінші рет тіркеліп тұрған жағдай. Балабақшада ол кісіні барлық ата-ана жақсы көреді. Парақшамызды көрсеңіз де, сол кісі жайлы пікірлер өте көп. Балалар қуана келеді. Тәрбиешіні жақсы көреді. Білікті маман", –  дейді "Сәби-бала" балабақшасының меңгерушісі Анар Нұрсұлтанова.

Балабақшадағы келеңсіз жайттан кейін тасжүрек тәрбиеші қызметінен босатылды. Қазір "кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр