Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразы: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Таразы жұлдыз белгісінде туылған адамдар – қарапайым, тартымды әрі көпшіл. Олар болмашы нәрсеге ренжи бермейді және жақындарының жанын жаралап алмауға тырысады. Сонымен қатар олар адамның жан-дүниесінде не болып жатқанын жақсы сезіне алады. Таразылардың болашақты болжай алатын қабілеті таңғалдырады. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдері жолы болғыш, көңілді және қарым-қатынасқа ашық болып көрінгенімен, шындығында болмысы өзгеше. Кейде олар нағыз құбыжыққа да айнала алады. 

Таразылардың жақсы қасиеттері қаншалықты тартымды болса, кемшіліктері де соншалықты тартымсыз. Олар кейде болмашы нәрсеге ашуланып, қыңыр мінез танытып жатады. Осылайша, өздерін басқа қырынан көріп үйреніп қалған достарын жоғалтып алуы да мүмкін. 

Таразылар өмірде тұрақсыз келеді. Кей кездері белсенді болып, күш-қуаты тасып тұрса, енді бірде мүлде енжар күйге түсіп, ештеңеге қызықпайды. Десе де бұл кітап оқу сияқты қызығушылыққа қатысты емес. Таразылар оқуды жақсы көреді. Тіпті, олар күрделі ғылыми еңбектерді оқығаннан да ләззат алады. 

Өз мінезінің тұрақсыздығын білетін таразылар ұстамлдылық танытып, шешім қабылдағанда әбден саралап алуды жөн көреді. Алайда кейде өзгелердің ықпалынан шыға алмай, айналасындағылар күтпеген әрекетке барады. Олар өзгенің ықпалында жүргенін өздері де байқамай қалады. Таразыларға жетіспейтін нәрсе – ішкі түйсігіне сену қабілеті. Егер бұл қабілет бойынан табылса, олар көптеген қиындықтан қашып құтыла алады. 

Таразы-ерлер – ақшаға да, кеңеске де жомарт. Алайда көбі олардың кеңесіне құлақ аса бермейді. Айтпақшы, аталған жұлдыз белгісінде дүниеге келген ерлер өзінің пікірін сынап-мінеу түрінде жеткізгенді құп көріп, достық қолдаудың маңызын ұмытып кетіп жатады. Олар өзгенің қателігін көргенде, өз кемшіліктері мен қателіктерін естен шығарып алады. Сондықтан олар қатыгез әрі өзіне ғана масаттанатын жан сияқты болып көрінеді. 

Таразы-әйелдердің тартымдылығы мен әсемдігіне қарамастан, бойында ерлерге тән қасиеттер бар. Олар сырт көзге нәзік, мінезі жеңіл болып көрінеді. Алайда шындығында мінезі ауыр келеді. Десе де Таразы-әйелдер  өзінің өзгелерден артықшылығын көрсетпеуге тырысады, сондықтан қарым-қатынаста сүйкімді әрі жағымды. 

Таразы – белсенді жұлдыз белгісі. Алайда мұндай адамдардың бойындағы қуаты өзгелердің ықпалынан шығу үшін жеткіліксіз. Сондықтан ашық әрі табанды күресте шайқасудың орнына, бұғып қалуды жөн көреді.

Таразылардың бойындағы күш кез келген шешімді жүзеге асыруға жеткілікті болғанымен, олар жан-жақты ойлап, мүмкіндіктерді қарастырып, саралаймын деп жүріп уақыт өткізіп алады. Мұндай адамдарды жылдам әрекет етуге көндіруге болады. Алайда мұндай жағдайда олар болып жатқан жайттар үшін жауапкершілікті мойнынан алуға барын салады.

Есесіне, Таразылар нақты шешім қабылдаса, оларды райынан қайтару мүмкін емес. Олар діттегеніне жету үшін барын салып, табандылық танытып, күреседі. Сонымен қатар Таразылар таңдаған жолынан айнымайды және өз бағытында жан-жағындағы заттарға мән бермеуге тырысады. 

Таразылардың күш-қуаты сарқылған уақытта олар тұйықтанып, өзгелермен қарым-қатынастан қашуға тырысады. Мұндай сәттерде олар жаңа қарқын алу үшін күш жинап жатқандай көрінеді. Бұл расымен де солай. Біраз уақыттан кейін олар күш жинап, ойға алғандарын жүзеге асыруға білек сыбана кіріседі. 

Талқылау