Тараздық жігіт досына несие алып беріп, алданып қалған
Тараздық жігіт досына несие алып беріп, алданып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірде полицияға микрокредиттік ұйымның директоры жүгінді. Өз шағымында өткен жылдың тамыз айында Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны досын алдап, оның атынан микрокредиттік ұйымнан 350 мың теңге көлемінде несие алғанын көрсетті.
Ер адам досына несие төлейтініне уәде береді, бірақ ешқандай төлем жасамайды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, үшінші тұлғаларға несие және қарыз алып бермеуге, өз құжаттарының көшірмелерін ешкімге жібермеуді ескертеді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"