Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық дәрігерлер науқастарды коронавирусқа қарсы тегін берілетін дәрілерді сатып алуға мәжбүрлеген

Тараздық науқастар коронавирусқа қарсы тегін берілетін дәрілерді сатып алуға мәжбүр болған. Тұрғындар бұған аурухана дәрігерлерін айыптауда. Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ремдесивир“Аурухананың бөлім басшысының орынбасары хабарласып, Өзбекстанда жасалатын "Ремдесса" препаратын табу керектігін айтты. Алайда қалада бармаған дәріхана қалмады, бұл дәрі ешбірінен табылмады. Сондай-ақ бұл препараттың бір құтысы 19 мың тұрады, ал ем шарасы толық бір кезеңі үшін алтауын сатып алу керек. Бұл дәрімен ауруханаларды мемлекет қамтамасыз етуі тиіс”, – дейді Тараз тұрғыны Наталья Соборнова. 

Әйелдің сөзінше, ол кейіннен бұл препарат ауруханада тегін берілетінін анықтаған. Науқастардың туыстары дәрігерлер басқа да коронавирусқа қарсы препараттарды алып келуді талап ететінін айтады. 

Бұл туралы құзырлы органдар пікір білдірді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің айтуынша, қажетті дәрілер қоймада бар. Тұрғындардың шағымынан кейін ауруханада қызметтік тексеріс жүргізілмек. 

"Ремдесивир", "Метилпреднизолон" препараттарының қажетті мөлшері жетерлік. Сондықтан бұл дәрілер тапшы деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Денсаулық сақтау басқармасы мұндай заңбұзушылыққа жол бергендердің атын айтуды және қай ауруханада болғанын жасырмауды сұрайды. Біз осыған байланысты шара қолданамыз”, – деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова. 


Өкпе "жыртылып кетеді": Дәрігер COVID-пен ауырғанда науқастар жіберетін басты қателікті атады

Талқылау