Тараздағы өрттен 3 адам қайтыс болды
Тараздағы өрттен 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам қайтыс болды. Апат құрбандары 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтар.
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газбен уланып қайтыс болған", - дейі ол.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26 да келіп түскен. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 4-24 минутта өрт толығымен сөндірілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"