Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті
Таразда қала мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысын, 12 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда.
Бұған дейін қайғылы жағдай болған оқу орнының директоры мен тағы 3 қызметкері жұмысынан қуылғаны туралы хабарланған болатын.
Енді облыстың білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова қызметінен кететіні белгілі болды. Әйел өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды.
Шенеунік бөлім басшысы ретінде 2,5 жыл жұмыс істеген.
Еске сала кетсек, Таразда педофилдің тапа-тал түсте 12 жастағы қызды зорлаған еді. Күдікті арам пиғылын мектеп дәретханасында іске асырған.
Оқиғадан кейін мектептің директоры мен үш қызметкері қызметінен босатылды.
Талқылау

"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
Кейінгі кезде сиыр етінің келісі 6 мың теңгеге жеткені туралы сөздер халық наразылығын тудырды.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес