Таразда жалдамалы пәтерде екі әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды. Оларды өлтірді деп күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаза тапқандар 46 және 54 жаста екен, олардың бірі Таразға Алматыдан келген. Көршілерінің айтуынша, әйелдер бір жылдай жалдамалы пәтерде тұрған, олардың үстінен ешқашан шағым түспеген.
Екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полицейлер жедел түрде күдіктіні ұстады, ол қазір уақытша ұстау изоляторында.
Мәлім болғандай, қылмыс болған жалға берілетін тұрғын үйдің иесі бұрын адамдарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны айтылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі