Таразда ер азамат бөтелкелесін пышақтап өлтірді
Таразда ер азамат бөтелкелесін пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді