Таразда 3 жасар баланы пойыз басып кетті
Тараз қаласында үш жасар қызды жүк пойызы басып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауыр жарақат алған сәби оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай Құмшағал бекетінде орын алған. Тараз станциясы желілік полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы теміржолда тұрған вагондардың астынан өтпек болған. Сол мезетте пойыз қозғалып кетіп бүлдіршінді басып кеткен. Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта осы іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған