Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз өңірлік университеті екіге бөлініп, жаңа оқу орны құрылады

Үкімет қаулысына сәйкес, енді елімізде Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін екіге бөлініп, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қоғаммен байланыс қызметі

“М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті” КеАҚ жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын “М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті” КеАҚ және “Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын”, – делінген үкімет қаулысының жобасында. 

Айта кетейік, Қазақстанда гидротехник мамандарды су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институты базасында тек М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ғана даярлайды.

Бұған дейін бұл оқу ордасы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты деп аталған. Жаңа Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті қазіргі Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институты базасында құрылады. 



Еске салайық, бұған дейін еліміздің Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстарында қазір халықтың көп бөлігі эвакуацияланғанын жазған едік. Осы орайда қазақстандық су маманы, бұрынғы қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақпаев табиғи апаттың жылдан-жылға күшейіп жатқанын алға тартты. Ғалым суға бақылау жүргізетін мамандар елімізде тапшы екенін айтты. Сол себептен адамдар қауіпті аймақтарға үй салуын тоқтатпай келеді.

Талқылау