Тараз әкімінің орынбасары алған сыйлықтан кейін тексеріс жүргізілетін болды
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаменті Тараз қаласы әкімінің орынбасарына берілген сыйлықты тексереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаменті Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері бойынша тәртіптік іс қозғады. Бұған дейін желіде Алмас Садубаев өз кеңсесінде сыйлық алған видео тарап еді.
- Желіде салық төлеуді "ұмытып кеткен" әкімдердің тізімі пайда болды
- Қазақстанның ең үздік әкімі анықталды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметші білмей алған сыйлықтар 7 күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз аударылуға жатады деп хабарланды.
"Қызметтік тергеу жүріп жатыр. Сыйлық қорға аударылғандығы анықталды. Қызметтік тергеу нәтижелері және әдеп жөніндегі кеңестер қабылдаған шешім туралы қосымша хабарланады", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен телефон арқылы.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады