Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады: 19 адам қаза тапты
Precision Air авиакомпаниясының ұшағы елдің солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қону барысында Танзаниядағы Виктория көліне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сайтына сілтеме беріп.

Сурет: Reuters
Бортта 43 адам болды, оның ішінде 39 жолаушы және төртеуі – экипаж мүшесі. Осы уақытқа дейін 28 адам құтқарылып, 19 адам қаза тапты.
Atr42-500 үлгісіндегі ұшақты 20 жылдық тәжірибесі бар Бурухани Рубага атты ұшқыш басқарды.
"Ұшақты судан шығаруға тырысамыз. Дөңгелектердің су астындағы жерге тигенін тексеріп, оны көлден алып шығудың басқа жолдары қарастырылуда. Қазіргі уақытта ұшқыштар кабинасынан байланыс бар. Олар бізбен әлі де байланыста", – дейді провинция комиссары Кагер Альберт Чаламила.
Комиссардың мәлімдеуінше, құтқару жұмыстары жалғасуда, бірнеше адам құтқарылды. Барлық жолаушыны судан шыққанына толық көз жеткізу шаралары болып жатыр. Құтқарылғандар ауруханаға жеткізілді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған