Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист желіде Бибігүл Төлегеноваға тіл тигізгендерге ұрысып тастады

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің аттасы, бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеноваға тіл тигізгендерге жауап берді.

кос бибігул 020617

Дәулетбекқызы Қайрат Нұртасты жақтаймын деп жасы 90-ға жақындаған әншіні «алжыған» деп кемсіткендерге берген жауабын Facebook-те жариялады.

«Бибігүл апамыз Қайратқа сын айтты деп, неге мына жұрт әншімізді жерден алып, жерге кіргізіп жатыр. Түсінбедім. Алжыған, қақпас деп жазып жатқан пікіршілерге айтарым:

Сонда сендер кімсіңдер?! Айтыңдаршы?!

Біле білсеңдер, Бибігүл Төлегенова – қазақтың бұлбұлы, өнердің дүлдүлі! Әнші апамызды сөз ететіндей қандай дәрежеге көтеріліп едіңдер? Ұялсаңдар нетті?! Мен сендердің мына пікірлеріңді оқып отырып, жерге кіріп кете жаздап, ұялудамын. Намыстанып отырмын осындай қазақтардың барына. Рас айтам. Сендер нағыз жаусыңдар. Жә, жарайды, әншіміз сын айтыпты. Бірақ, ол кісіні олай ғайбаттайтындай сендерге кім рұқсат берді?! Ақ шашын сыйламайсыздар ма? Сексеннен асқан, тоқсанға жақындаған апамызды жерге ұратындай бұлар кім еді?! Сөзім таусылып отыр.

Аты аңызға айналған, кезінде 15 Республиканы ауызына қаратып, дүние жүзіне бұлбұл дауыс иегері атанған әншімізді бір ақ күнде жерге ұрып тастады. Гүржі әншісі Вахтанг Кикабидзе де өз елінің әншілеріне сын айтады, керек десе ұрысып та алады. Бірақ, дәл біздің халық секілді ол кісіні ешкім қараламайды. Қайта сыннан нәтиже шығаруға тырысады.

Доғарыңдар, Бибігүл апамызды қорлауларыңды! Өзге елге күлкі болмай, жайларыңа қарап, тыныш отырыңдар. Айтса, төрелігін айтты. Ол кісі өз маманының кәсіби өнер иесі. Бұл жерде журналистің де қателігі көрініп тұр. Отқа май құйып, бұлбұл әншімізге мұндай сұрақ қоймауы керек еді.

Ал, Қайраттың анасы келесі жолы әрбір сөзіне мән беріп, абайлап сөйлеу керек. Айтылған сөз – атылған оқпен тең. Димашпен салыстырған өзі. “Қайрат Димаш секілді шыңғырып ән айтпайды” демей, “жоғары нотада ән айта алмайды” десе болатын еді ғой. Гүлзира ханымның сөзінен сарказмды байқауға болады. Бибігүл әншімізді сұхбатында қозғамау да керек еді. Осы сөзі үшін де Бибігүл апамыз ренжіген болуы керек. Сондықтан да, халыққа айтарым, келесі жолы пікір жазар алдында, он ойланып, тоғыз толғанып барып сындарыңызды жазыңыздар. Әр сөздеріңізге абай болыңыздар!

Димаш – 21 ғасырдың бұлбұлы, ал, Бибігүл апамыз дара тұлға. Тарихта қалатын қос әншіні бағалайық! Әріптестеріме айтарым, Димашты әркіммен салыстыруларыңды қойыңдар! Салыстыруға келмейтін нәрсе. Қайталап айтам, өттерің жарылып кетсе де, Димаш – дара әнші! Ал, бұлбұл дауысты әншіні әр жерге орынсыз тықпалай бермеңдер!» – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал ақын Қайратты жерге теңеген Бибігүл Төлегенованың өзін сынап тастады

Дәурен Айдарқұлов отбасын қолдаған жандарға алғыс айтты

Ел миллионердің қызын алған Шоқанды «есеппен үйленген» деп сынады

Гүлзира Айдарбекова келіні туралы бар шындықты айтып берді

Талқылау