Танымал нумеролог: Қайрат Нұртасқа табыс алып келген оның жары Жұлдыз
Танымал нумеролог Клара Күзденбаева феномен әнші Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдызға қатысты болжам жасады. Күзденбаева Жұлдыз Әбдікәрімованың мінезінің ерекшеліктеріне тоқталып, болашақта оның көпбалалы ана болуы мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Күзденбаеваның айтуынша, Жұлдыз табиғатынан әртістікке жақын адам. Ол ән айтса өте танымал әнші болады деп айды аспанға бір-ақ шығарды нумеролог.
“Жұлдыз дүниеге келген күн нумерологияда «дәстүр күні» деп аталады. Менің ойымша, ол отбасына өте жақын адам. Бірақ соған қарамастан, оған үйде отыруға болмайды. Себебі оның белгісінде әртістік бар. 358 нөмірі көптеген әртістерде бар. Ал 336 – билеушінің нөмірі, бұл сандар Алла Пугачева мен Полина Гагаринада кездеседі”, – деп атап өтті Күзденбаева.
Нумеролог Қайраттың жарының мінезінің ерекшеліктеріне тоқталды.
“Қайраттың бағдарламасына қарап-ақ, оның сабырлы екенін байқауға болады. Оның мінезі жеңіл емес. Яғни, осының бәрін көтеру үшін оған үлкен төзім қажет. Жұлдыз – сабырлы, әділетті әрі еңбекқор. Бұдан бөлек, Жұлдызда үш 8 бар. Ол сәттілік алып келетін жан. Яғни Қайрат Жұлдыздың арқасында табысқа жетіп отыр. Мысалы, Димаштың нумерологиясында бірде-бір 8 жоқ, ал Жұлдызда үш бірдей 8 саны бар”, – деп атап өтті Күзденбаева.
Күзденбаева Қайрат пен Жұлдыздың жанұясына “берекелі отбасы” деп баға берді. Сондай-ақ, болашақта Әбдікәрімованың күміс не алтын алқа иегері атануы мүмкін екенін болжады. Күзденбаева Қайраттың жарына шығармашылықпен айналысуға кеңес берді.
“Жұлдызда үш бірдей 3 саны кездеседі. Яғни оған ән айту керек деп ойлаймын. Бұл сандар Димаш Құдайбергенде бар. Жалпы Қайрат екеуі дуэт құрса, тіптен жарқ ете түсер еді. Оларға бірге ән шырқауға кеңес беремін”, – деп атап өтті ол.
Жіберіп алмаңыз:
“Есесіне ол миллионер”: Қазақстандықтар Тұрсын Алагөзовтің «сауатсыздығын» байқап қойды
Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты
Шәмшінің қарындасы: Қалдыбек Құрманәлінің “Қалдаяқовтар жүрген мүсәпір” деп айтқаны жаныма батты
Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек