Танымал қазақстандық журналист Түркия азаматына тұрмысқа шықты (фото)
Танымал қазақстандық журналист, бірнеше басылымның редакторы Майя Әкішева түрік азаматына тұрмысқа шықты. 37 жастағы қаламгер мен оның жұбының неке қию салтанаты Түркияда өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Майяның әріптесі Алина Мұстафина желіде хабарлады.
“Ер адам болсам, оған өзім үйленетін едім. Бұл шындық. Сондықтан да оның жұбайына қызыға да, қызғана да қарап тұрмын. Бақытты бол, қымбатты Майя!” – деп бөлісті ол.
Атап өтетін жайт, қазақстандық журналист түрік салтына сай, қына кешін өткізген. Сондай-ақ, жұптың некелесу салтанаты Түркияда өткен.
Айта кетейік, Майя Акишева бірнеше глянц журналының редакциялық директоры. Медиа әлеміне танымал қаламгер COMODE.KZ, LOOK.TM, GAGARIN.TM сынды басылымдарда басшылық қызмет атқарған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар