Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Танысқан кезде мұндай болмаған": Алматылық әйел күйеуіне тұрмыстық зорлық көрсетеді деп шағымдануда

Алматылық келіншек күйеуі өзіне қауіп төндіретініне, оны ұрып-соғатынын, агрессивті екеніне шағымданды. Әйел Алматы қаласының Дін істері басқармасына шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұру

Өтініш берушінің айтуынша, бәрі некеге отырғаннан кейін басталған. Әйел күйеуінің бірнеше рет сотталғанын және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанатынын білген. Оның айтуынша, ол бас бостандығынан айыру орындарында отырып діни білім алған. 

"Кешке үйге біртүрлі күйде келетін. Бастапқыда оны шаршап жүрген шығар дейтінмін. Алайда маған айқайлап, ұрсып, қол көтере бастаған соң, оның есірткі тәріздес нәрсені қолданғаны анықталды. Некеміз үшін бәрін қоюды сұрадым. Ол кезде аяғым ауыр еді", – дейді әйел. 

Әйел ер адам оны бала туғаннан кейін де ұра бастағанын айтады, сондықтан ол одан кетіп, полицияға арыз жазған.

Аталған жағдай бойынша полиция департаменті Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы қорғау нұсқамасын шығарғанын хабарлады.


"Қыздардың бірі зорланған": Жамбыл облысында жетім балалардың апасы немерелерінің жағдайына алаңдап, көмек сұрайды 


"Инспектор қорғау нұсқамасын шығарды, оның талаптарына сәйкес ер адамның өтініш берушіге жақындауына тыйым салынды. Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта осындай әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді", – деп хабарлады полициядан.

Алайда әйел күйеуінің баласын көру үшін келіп тұратынын, елдің көзінше кездесуге тырысатынын айтады. Себебі жекедара қалған да күйеуі оған қол көтереді.

Танысқан кезде мұндай болмаған. Егер мұндай болатынын білгенімде ешқашан бірге тұруға келісім бермес едім. Сондай-ақ, ол түрлі діни жоралғылар жасайды, бірақ есірткі заттарын қабылдайды. Өзін өте агрессивті ұстайды. Күнде мешітке барамын деген желеумен кетіп, есі дұрыс емес күйде қайтып оралады”, – дейді әйелі.

 

Талқылау