Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Танымай қалдық": Барби образындағы Салтанат Бақаева көпшілікті таңғалдырды

Желі қолданушылары арасында Барби образы әлі де трендте. Отандық әнші, актриса Салтанат Бақаева да бұл трендтен қалыспауды жөн көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/saltanat_bakayeva

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Барби образындағы суреттерін жариялады. 

“Трендтен қалмайық деп 100% өзгеріске бардық. Ұзақ уақытты талап етті түсірілім. Есесіне жақсы жұмыс болған сияқты. Қалай ойлайсыздар? Сіздердің қолдауларыңызды күтемін. Өз образыммен эксперимент жасау маған ұнайды. Соның арқасында ішкі жан дүниемнің қыр-сырын зерттеп,өзімді тереңірек танығандай боламын!Және процесс барысында адреналин ерекше сезімдер сыйлайды. Бәлкім сол үшін менің мамандығым актриса?! Қалай?Барби болған жарасады ма”, – деп сауал тастады ол оқырманға.

Желі қолданушылары актрисаның жаңа қызғылт түсті образы жоғары баға берді.

“Ерекше шығыпты”, “Басқаларға қарағанда әдемі”, “Нағыз Барби”, “Сұлу”, “Мүлде танымай қалдық”, “Қазақша Барби”, “Осымен тренд жабылсын”, “Жақсы жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

 

Талқылау