Танымал ресейлік тележүргізуші қазақ тілінде ән жаздырып, желіні жарды (видео)
Ресейдің Астрахань облысында туған Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән жаздырып, фанаттарын тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Азамат "Сен" атты туындысын Instagram-да жариялады.
Әзілкештің өнерін фанаттары жоғары бағалады. Тіпті қазақ тілін білмейтін тыңдармандар Азаматқа мақтау сөздерін жаудырды.
"Қандай әдемі тіл", "Жарайсың, Азамат! Керемет ән", "Әннің не туралы екенін, аудармасын білмеймін. Бірақ әдемі", "Ештеңе түсінбедім. Бірақ тіл білмесем де, жаным мағынасын түсінді", "Кайф, Батырхан Шүкеновті еске салдың", "Бұлай ән айтатыныңызды білмеппін. Бірақ қуаныштымын. Оның үстіне, қазақ тілінде. Керемет, тек қана алға", "Бауырым жарайсың", – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев ресейлік тележүргізуші, актер, экс КВН-ші, әзілкеш. Ұлты – қазақ. Бірақ Астрахань облысының Камызяк ауданында туған. Виктория есімді жұбайы және екі қызы бар.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"