Танымал қазақстандық продюсердің жетінші баласы дүниеге келді
Танымал қазақстандық продюсер Жан Мұқановтың отбасында үлкен қуаныш. Мұқановтың жетінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін сағат 10:19-да осы қасиетті айда, әлемдерді Жаратушының қалауымен қызды болдым.
Оның тегі Жан болады, ал есімін Ханзада деп қойдық.
Жан Ханзада, қызым, менің ханшайымым, осынау бір керемет әлемге қош келдің", – деп жазба қалдырды продюсер желідегі парақшасында.
Сондай-ақ Мұқанов өзі жеті перзент сыйлаған жұбайына алғыс айтуды ұмытпады.
"Менің өмірлік махаббатым, қаншырым, сый жасауды біледі. Мен және біздің балаларымыз үшін жасайтын әр әрекетіңе рахмет", – деді Мұқанов.
Қазақстандық жұлдыздар продюсерді жарыса құттықтады.
"Бауы берік болсын", – деді Мөлдір Әуелбекова.
"Ғұмырлы болсын", – деді Айнұр Тұрсынбаева.
"МашАлла, ғұмырлы қыз болсын, бұрымды қыз болсын", - деп ақжарма тілегін білдірді Төреғали Төреәлі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?