Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлінің қарындасы хиджаб киді

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі хиджаб киді. Блогер қуанышты хабармен Instagram-да көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"21 жасым, қош келдің! Бүгін Алла қалауымен Рамазан айы бітті, Айт мерекесі және менің туған күнім. Бұл ай мен үшін тосынға толы болды, түрлі жайттардан біраз сабақ алдым, өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым. Үлкен және жаңа өмірге қадам басып, Алла қалауымен орамалға келдім", – деп бөлісті Фариза. 

Ол Нью-Йоркте жағалауда хиджаб киіп түскен суретін жариялады. Сондай-ақ туған күніне орай жұбайының ерекше сый жасағанын айтып қуанды. 

"Нью-Йорк. Круизда кешкі ас. Бағалы сыйлықтар, гүл шоқтары және тек екеуміз. Бәрі түс секілді, Алланың берген әр нығметіне іштей шүкіршілік етіп көңілім босады. Бір жыл бұрын осындай өмір күтіп тұрғанын тіпті елесете алмас едім, шүкір етуден шаршамаймын. Жыл сайын туған күндерім бірінен-бірі өтуде, мені қуантуға тырысып жатқан жарыма Алла разы болсын!



Өмір сыйлаған ата-анама рахмет! Ата-анамыз, бауырларымыз аман, дені сау, жарым қасымда. Альхамдулиллях мен өзімді бақытты сезінемін", – деп жазба қалдырды ол. 

Көпшілік Фаризаның әрекетіне тәнті болды. 

"Орамал, мен де сол күнді аңсап жүрмін", "Көзіме еріксіз жас келді", "Сізді үлгі тұтамын", – деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау