Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған "Сәуле-ғұмыр" бағдарламасы
Денис Тен – беделді турнирлер мен Олимпиада ойындарында жоғары белестерді бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытқан алғашқы мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Денис ерлер арасындағы бильман айналымын орындаған спортшының бірі. Ол – бүкіл әлем бойынша жанкүйерлердің құрметіне ие болып, жарқын із қалдырды. 2013 жылдан бастап мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары қатысқан «Денис Тен және достары» атты мұз шоуының продюсері болды. Жобаны тамашалауға келген көрермен қатарында шетелдіктер де болды.
Денис Тен небәрі 25 жасында бұзақылардың қолынан қаза тапты.
«Алматы» телеарнасы ел азаматы, даңқты спортшы, музыкант және мұз шоуының продюсері Денис Тенді еске алуға арналған «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасының арнайы шығарылымын дайындады.
«Сәуле-ғұмыр» бағдарламасының арнайы шығарылымын 19 желтоқсанда сағат 23:00 «Алматы» телеарнасынан көріңіздер!
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді