Танымал диктор Әбдірәлі Бөлебай өмірден озды
Танымал қазақстандық диктор Әбдірәлі Бөлебай өмірден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Бұл туралы Qazaq Radiosy сайтында хабарланды.
"Радио және телевидение саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 69 жасында дүниеден өтті", - делінген хабарламада.
Әбдірәлі Бөлебай 1953 жылы 25 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердің көмекшісі болып бастаған. 1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болып тағайындалды.
2000 жылдан бастап "Қазақстан" ұлттық арнасының астаналық бөлімінде диктор қызметін атқарған. 2002 жылы Президент телерадиокешенінің продюсері болды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді