Танымал актер Азамат Сатыбалдының әкесі өмірден озды
Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының директоры, актер Азамат Сатыбалдының 91 жастағы әкесі - Сатыбалды ақсақал дүниеден озды. Бұл туралы театр ұжымы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"10 баланы өсіріп-жетілдіріп, өнегелі үлгісімен аймағына, ағайынға сыйлы болған, әулетінің дәулетін асырып, немере-шөбере көрген абыз жанның пәнилік өмірі ғұмыр-дастанға бергісіз... Атамыздың бақилық -- мәңгілік жолы ендігі жерде, Азамат сынды өнер мен мәдениетімізге зор үлес қосып жүрген азамат ұрпағымен жалғаса бермек... Марқұм қарияның жаны жәннаттық, рухы шат болып, нұры пейіште шалқысын!" - деп жазды театр ұжымы желідегі парақшасында.
Stan.kz ұжымы Сатыбалдиевтер отбасына көңіл айтады!
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”